Оңтүстік Қазақстан облысы дін істері басқармасының
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы»
мемлекеттік коммуналдық мекемесінің
ресми сайты

ЕРДОҒАН «ИСЛАМ ТЕРРОРИЗМІ» ТЕРМИНІНЕ ҚАРСЫ ШЫҚТЫ



KAZISLAM – Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Нью-Йоркте АҚШ ислам қауымдастығы өкілдерімен кездесуінде «ислам терроризмі» терминін қолдануға жол бермеу керектігін мәлімдеді. Бұл жайында aa.com.tr ақпарат көзіне сілтеме жасап Baq.kz порталы хабарлады. Түркия басшысы бір адамды өлтіру тұтас адамзатқа қарсы қылмыс ретінде қабылдануы тиіс екенін атап өтті. «Бұл біздің дінімізде айтылған» деді Ердоған. Оның айтуынша, террористердің әрекетін ислам ілімімен байланыстыруға жол беруге болмайды. «ДАИШ содырлары мен мұсылмандарды немесе Исламды қатар қоюға ешкімнің құқы жоқ. Ислам мен ДАИШ содырлары арасында ешқандай байланыс жоқ. Ол – террористік ұйым» деді Түркия басшысы. Р.Ердоған әлемде әр түрлі дін өкілдері лаңкестік әрекетке барып жататынын, алайда оны мұсылмандарға таңып, діни сипат беруге тырысатындар көп екенін атап өтті. «Қазіргі таңда «христиан терроризмі», «еврей терроризмі» немесе «будда терроризмі» деген тіркесті ешкім қолданбайтыны кездейсоқтық емес. Бұл атеисттерге де қатысты» деп толықтырды ол. Түркия президенті Мьянмадағы Аракан провинциясының миллионға тарта тұрғыны Бангладешке қашуға мәжбүр болып отырғанын да тілге тиек етті. «Өздеріңіз байқап көріңіздерші, Түркия елі буддистер Араканды мекендейтін Рохинджа мұсылмандарын қырып жатыр деп ешқашан мәлімдеген емес. Бірақ қанды қырғынды расында да буддистер жасап жатыр. Соған қарамастан біз мұндай терминологияны қолданбауға тырысамыз. Буддистердің әрекеті әділетті деп жүргендерге айтарым бар. Сіздердің «ислам терроризмі» деген сөзді қолдануға қандай құқықтарыңыз бар?» деді Ердоған.
 


  2017-09-25       40

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев




ҚР Президенті

Нұржан Тұрсынбай




«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» директорының блогы

Кітаптар



СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗ


Сіздің ойыңызша, «Ыстық бағыт-110» қызметі қажет пе?



2335:821

Қолданушылар саны






Яндекс.Метрика