Оңтүстік Қазақстан облысы дін істері басқармасының
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы»
мемлекеттік коммуналдық мекемесінің
ресми сайты

ОҚО Касіпкерлік, индустриялды-инновациялык даму жане туризм басқармасында кездесу өтті



ОҚО Касіпкерлік, индустриялды-инновациялык даму жане туризм басқарма қызметкерлерімен "Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу" тақырыбында кездесу болып өтті. Кездесуге ОҚО Дін істері басқармасының "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" МКМ-нің маманы Б.Омарбаев қатысты.«Террор» және «терроризм» терминдері «қорқыту, үрейлендіру, шошыту, қаймықтыру» деген мағынаны білдіреді. Терроризм мен экстремизмнің ислам діні мен мемлекеттік ережелерге қатысты радикалды түрде терістеу арқылы әрекет жасайтын топтар мен жеке тұлғалардың теріс пиғылы. Терроризм дегеніміз – жеке тұлғалардың немесе ұйымдасқан топтардың, халықтың нақтылы топтарына немесе мемлекеттік органдарға заңды түрде шешілуге мүмкіндік болмаған жағдайда өз мақсаттарына жету үшін, саналы түрде қысым немесе күш көрсету. ХХІ ғасырда терроризмнің түрлері, бағыттары, мақсаттары, мәні өзгере бастады. Әр түрлі террористік ұйымдар діннің немесе бір ұлттық идеологияның атымен жамылып, өз мақсаттарына жету үшін әр түрлі террористік, тіпті экстремистік әрекеттерге барып жатыр. Терроризм мен экстремизмнің ислам діні немесе басқа да бір дінге ешқандай қатысы жоқ. Ислам сөзінің өзі араб тіліндегі «салам», «тыныштық», «бейбітшілік» деген ұғымдарды білдіреді. Ислам дінінде терроризм, экстремизм немесе қысым көрсету, зорлық жасау адам өміріне қарсы, қоғамға қауіп төндіретін әрекеттер мен түсініктер кездеспейді. Әрі мұсылман діні басқа да дәстүрлі әлемдік діндер сияқты адамдарды тек жақсылық жасауға шақыратын дін болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» атты кітабында «әлемдегі лаңкестіктің түпкі себебі-дамудың теңсіздігінде жатыр» - деп атап көрсетті. Қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға маман тарапынан нақты жауаптар қайтарылды.


  2017-09-22       42

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев




ҚР Президенті

Нұржан Тұрсынбай




«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» директорының блогы

Кітаптар



СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗ


Сіздің ойыңызша, «Ыстық бағыт-110» қызметі қажет пе?



2335:821

Қолданушылар саны






Яндекс.Метрика