Оңтүстік Қазақстан облысы дін істері басқармасының
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы»
мемлекеттік коммуналдық мекемесінің
ресми сайты

Пайғамбар сүннеті «ақиқаттың» жемісі



Қазіргі таңда діни адасудың түрі де, жолдары да көбейіп кетті. Ислам дінінің өз жолы сара жол, одан қия бассақ адасып кетуіміз мүмкін. Мысалы: пірге қол тапсыру деген әрекетті тариқаттар тарихын, тәжірибесін, мұрат-мақсатын ұзақ зерттеген әлем ғалымдары дінге қайшы амалға санайды. Қазақ арасында “пірәдар” деген сөз бар, пірге қол берген деген мағынада қолданылады. Өкінішке орай «аңқау елге арамза молдалық» етуші белгілі бір шет ұйымдар ықпалындағы адасушылар оны пайғамбардың сүннеті етіп жалған түсінік таратқан. Тәжірибе көрсеткендей олардың мақсаты адамды өздеріне бағындыру, табындыру болып  шыққанын ешбір ғалым дәлелдей алмайды. Пайғамбарымызға қол беру «байъат» етуде бір аса қажет тарихи мәні зор әрекеттер кезінде орын алғаны рас. Сондықтан бұл амал дінге адал болуға серт беру мағынасында іске асырылды. Біреу мұсылмандық жолын таңдайтын болса, Пайғамбарымызға ұшырасып, кәлима айтып шығар еді. Сонымен ол мұсылман болып, сахабалар сапына енетін. Ол кісі дүниеден өткен соң халифаларға қол беру қажет етілді, өйткені дінді қорғау, жауларды қайткен күнде де тойтару талап етілді. Хазіреті Осман ибн Аффан (р.а.) халифа сайланғанда да жұртшылық мешітте жаппай қол тапсырды. Оның арнайы мәтіні болды. Хазіреті Османды халифа сайлау кезінде Әбдірахман ибн Ауф (р.а.) “Расуліміздің сүннәті және Ол кісінің екі халифасы ұстанған жолы негізінде саған қол тапсырамын” деп қол берген. Пайғамбарымыздың белгілі он сахабасының бірі Талха ибн Үбәйдулла “Жәмәл” ғазуатында өлімші жаралы болып, қансырап жатып бір кісі арқылы Хазіреті Әлиге байъат ететіні өзі қол тапсыратыны туралы аманат айтқан. Өйткені кім қол тапсырмай өлсе, сол жаһили өліммен өледі деген хадистен қорыққан. Осыны кейбір сопылық ағымында тариқатшылар пайдаланады, олар өздері пір тұтқан кісілеріне қол тапсырып, сол не десе де сөз қайтармай фанатты түрде қабыл етеді. Бұл Пайғамбарымыздың төрт халифасына ғана берілетін құқық болатын, өйткені олар шынайы адал, шариғатқа қылдай қиянаты жоқ жандар еді және олар тек жұртшылықтың мүддесі үшін жұмыс істеді. Оларға қол тапсыруды қазіргі пірлерге қол беруге сайып, онымен салыстыру мүмкін емес.

Қазіргі БАҚ-та осы айтылғандарды растайтын ақпараттардың тым жиі-жиі тарауы, пәлен жерде түленше деген пайғамбар шығыпты деу өздерін өздері пір санау, пайғамбар айтпағанды айтты етіп, Алланың үкіміне қарсы әрекет ету-тарихат пірлерінің мақсаты. Мұсылманға іріткі салып елді алдаушы құшынаш, дуакеш, тәуіпсымақтардың туындатып жүрген проблемалары ортамызда кең етек жайған жалғаншылардың ісі екені рас. Ислам ондайларға үзілді-кесілді қарсы. Ислам ілімінің илаһи үкімдер мен қағидаларға құрылған талаптарды тариқат пірлерінің қандай да бір қарекетімен қабыспайтыны шынайы шындық.

Біздің жұртшылық, мәселені қабырғасынан қойып айтқанда, арасында кейбіреулер өздеріне ненің қажет екендігін ойламай, төмен дәрежелі мәселелермен айналысатыны көзге ұрып-ақ тұр. Мұндайлар әдетте білімсіздіктің, өтірік жалғанның жаршысы. Алдымен Алла Тағалаға құлшылық қылудың жолдарын қарастыру керек, ал өңгесі соң шешіле беретін ұсақ-түйек мәселелері болуы мүмкін. Өйткені бабаларымыз алдымен осы жағына мән берген, намаздарын мезгілімен ада қылу күн тәртібінде тұрған. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мазасыз кезде немесе бір нәрсеге алаң болса, намазға ұмтылады екен. Алла Тағалаға құлшылық қылсақ, енді дұғамыз да нақтылау, өзіміз де сенімділеу боламыз. Бала-шағасының, отанының амандығын сұрап отырған азамат шынайы ілім- Құранға жүгінген болса, ислам ілімінің негізі мақсатын анық біліп тұрса кімге жаман, не үшін жаман болады? Жылап, көзі ағарып, Құдайына налып отырған жан сізге жамандық қыла ма? Жоқ.

Ондай бәндешіліктің орнына Абдулла ибн Аббас (р.а.) сықылды аптаның әр күнін ғылым салаларынан біріне арнап, “ертең пәлен деген пән болады, оның тақырыбы мынау” деп, ғылым үйретсек жақсы болмай ма? Абдулла ибн Аббастың құзырынан адамдар сабақтан шыққанда көше-көше кісіге толып, сыймай кетеді екен. Яғни, ол заманда Алла расулінің сахабаларының әрбірі бір университеттің рөлін атқарған.

 

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-ның

дінтанушы маманы Икрам Айтаев.


  2016-09-19       208

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев




ҚР Президенті

Нұржан Тұрсынбай




«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» директорының блогы

Кітаптар



СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗ


Сіздің ойыңызша, «Ыстық бағыт-110» қызметі қажет пе?



2338:822

Қолданушылар саны






Яндекс.Метрика